KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, В
488.91 532.62 5

Қарашада жұлдыздар жаңбырша жауады

9.11.2018, 05:54 103

Бір жұлдыз ағып түссе, апыр-ай деп алаңдап қалатының рас. Себебі, «Бір жұлдыз ақса, бір ойлан» деп жырламайтын ба еді ақындар?!. Десе де, жұлдыздардың аспаннан сорғалап түсетін мезгілі де болады. Ондай кереметке кімнің көз талдырып қарап тұрғысы келмейді?


Қарашада Темпель-Туттль кометасынан тозаң қалады аспанда. Оттай маздаған тозаң әуеге сіңеді. Сол сәтте жер әлем самаладай жарқырайды. Леонид кометасы да көрінеді.


Ғалым Любовь Шестакованың сөзінше, бұл қарашаның 17-сінен 18-сіне қараған түні болады.


– Егер ай аздап кедергі келтірмесе, әдемі көрініс болады. Бұған ешқандай көзілдіріксіз немесе басқа да қорғаныс затынсыз қарай беруге болады, – деді ол.


Оның айтысына қарағанда, жұлдыздардың жауын жауғандай болып, аса қатты жарқырауы 33 жылда бір қайталанады. Себебі, Темпель-Туттль кометасы осы уақытта күнге жақын келеді. Ал мұндай ерекше жағдай соңғы рет 1999 жылы болыпты.


Мәліметтерге сүйенсек, 1966 жылы әуеде бір сағат ішінде 150 мың жұлдыз жаныпты. Ал биыл 1 сағатта 15 жұлдыз жанады деп күтілуде.


Естеріңізге салайық, қазақстандықтар қазан айында тағы бір табиғат тамашасын көрген еді. Онда қып-қызыл жұлдыз пайда болған-ды әуеде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив