KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Өскемендіктер Персей "жұлдыздар жауынын" қайдан тамашалай алады

9.08.2018, 11:55 127

2018 жылы 13 тамызға қараған түні жұлдыз жауады. Яғни Персей шоқжұлдызының ағыны күтіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі РИА Новости ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ президентінің кеңесшісі Александр Губерт:

– Болжам бойынша, сағатына он шақты метеор күтіледі. Метеор дегеніміз бұзылған кометаның қалдықтары, оның қаншасының Жер орбитасынан өтетінін айту мүмкін емес. Персей шоқжұлдызынан метеор ағу құбылысы жыл сайын тамызда қайталанады – деген еді.

РИА Новости ақпараттық порталының хабарлауынша, 11 тамызда максимал фазасы 0,74 күн тұтылуы болады. Ал 12-нен 13 тамызға қараған түні ең әдемі жұлдыз ағады.


Аққан жұлдыздарды көруге ешқандай құралдың қажеті жоқ деп отыр мамандар. Тек аспан кеңістігі толық көрінетіндей жерде болсаңыз жеткілікті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив