ШҚО-ның жолдарында медициналық-құтқару пункттері жұмыс істеп тұр
Аймақтың тас жолдарында төрт күре жолдық медициналық-құтқару пункті мен 16 жылыту пункті жұмыс істейді. Олар жол-көлік оқиғасы кезінде жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Медициналық-құтқару пункттерінде бес маман қызмет көрсетеді: дәрігер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы және жүргізуші. Пункт арнайы медициналық техникамен, апаттық-құтқару құралдарымен жабдықталған. Тікұшаққа арналған алаң да бар екен. Бұл туралы ШҚО ТЖД мәлім етті.
Күре жолдық медициналық-құтқару пункттерінің ғимаратын қыста жылыту бекеті ретінде де пайдалануға болады.
КЖМҚП келесі бағыттарда орналасқан:
«Привольное» - Өскемен-Семей тас жолының 84 шақырымында, Ұлан ауданының Привольное ауылына жақын маңда орналасқан. Телефон: 8-(72334)-31446.
«Жарма» - Алматы-Семей тас жолының 865 шақырымында, Жарма ауданының Аршалы кентіне жақын маңда орналасқан. Телефон: 8-(72347)-40814.
«Семеновка» - Семей-Павлодар тас жолының 634 шақырымында, Бесқарағай ауданының Семеновка кентіне жақын маңда. Телефон: 8-(72236)-22929.
«Семей» - Омбы-Майқапшағай тас жолының 826 шақырымында, Жарма ауданының Суықбұлақ кентіне жақын маңда. Телефон: 8-(72347) 67-803.
Пункт ашылған бес жыл ішінде 270 шақыртуға шыққан, 800 адамға медициналық көмек көрсетілген, 139 адам ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, КЖМҚП жергілікті жердегі шалғайда орналасқан кенттер мен ауылдардың тұрғындарына да көмек көрсетеді екен.