KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
443.35 475.54 4.82

Азық-түлік пен көкөніс қымбаттап барады

6.11.2018, 09:02 116

Қазан айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда маусымдық көкөністер айтарлықтай қымбаттап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Атап айтқанда, қиярдың бағасы 13,7%-ға, қызанақ - 11,2%, орамжапырақ - 1,2%-ға көтерілген.


Ал сәбіз, пияз, қызылша және картоптың бағасы, керісінше, төмендепті.


Жеміс-жидектердің ішінде апельсин  4,6%-ға қымбаттаса, алма 5,3%-ға арзандаған.


Ет өнімдерінен тауық еті (3,8%), тауықтың сан еті (2,4%), еттің майы, сан еті (1,4%), жартылай сүрленген шұжық (1,2%) қымбаттаған. Жұмыртқаның бағасы бірден 6,5%-ға шарықтап кетті.


Сүт өнімдерінде де қымбатшылық байқалады: сүт - 2,8%, сары май - 1%.


Бұлардан бөлек, тары, күріш және ұнның бағасымен қатар нанның бағасы өсіп келеді. Тіпті, ауыз су да 1,4%-ға қымбаттап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив