KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
482.86 533.17 5.08

Қазақстанда көкөніс арзандап, ет қымбаттады

5.09.2018, 08:49 150

Тамыз айында маусымдық көкөніс түрлерінің бағалары түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы Energyprom.kz сайтында жарияланып отыр.


Сарапшылардың айтуынша, көкөністер күрт арзандап, керісінше ет өнімдері қымбаттап кеткен: жылқы етінің бағасы бір айда 2 пайызға, тауықтың сан еті -3 пайызға, тоңазытылған балық – 1 пайызға дейін көтерілген.


Көкөністер маусымында жаңа піскен қызанақтардың бағасы 17,3-ға, қияр – 12,9 пайызға төмендепті. Сондай-ақ, шілде айынан бастап картоп – 8, сарымсақ – 7,5, пияз – 4,7, орамжапырақ – 1,8 пайызға арзандаған. Қызылша, керісінше 2,4 пайызға қымбаттаған.


Жемістердің ішінде алма ғана 1,5 пайызға арзандаған. Ал цитрус жемістерінің бағасы көтерілген: лимон  (+1,7 пайыз) және апельсин  (+3,7 пайыз).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив