KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Семейде бастауыш сыныптың оқушысын көлік қағып кетті

5.11.2018, 07:08 222

Әлеуметтік желіде оқушыны көлік қағып кеткені туралы ақпарат таралып, оқиға орнынан фотосурет жүктеліпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жол-көлік оқиғасы №31 мектептің маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған өтпеде болған. Автокөлік бастауыш сыныптың оқушысын қағып кеткен көрінеді.


Желі қолданушылары оқиғаның екі түрлі нұсқасын айтып жүр. Біреулер жүргізуші баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашқан деседі. Енді біреулер полиция оны оқиға болған жерден алып кеткенін айтуда.


Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жүргізуші оқиға орнында ұсталған, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көлік қағып кеткен оқушының жанында әкесі болған екен. Соққы жеңіл тигендіктен, балаға еш зақым келмепті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив