KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Семейдегі аспалы көпірдің бетін құм мен топырақ басып кеткен

31.10.2018, 04:36 371

«ОблШығысЖол» кәсіпорны облыстағы 3186 шақырым жолды күтіп-ұстауға міндетті. Биыл облыс қазынасынан жолдарды күтіп-ұстауға 2 миллиард 802 миллион теңге бөлінген. Алғашқы сегіз айдың ішінде оның 2 миллиард теңгеден астамы игерілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– «ОблШығысЖол» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны жыл басынан қыркүйек айына дейін жоспар бойынша 352 шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізген, – деп мәлімдейді кәсіпорын мамандары.


Семейдегі аспалы көпірдің жұмыстары да кәсіпорынға тиесілі. Биыл көпірге ағымдағы жөндеу жүргізіліп, беті құм мен топырақтан тазартылған.


Сондай-ақ, кәсіпорын «Эльхон» серіктестігімен бірге Өскемендегі Сәтпаев даңғылын салуға атсалысып жатыр. Осы жылы Семей – Қарауыл жолының 59-71 шақырымы, Дмитиревка – Бородулиха – Шемонаиха жолының 0-7 шақырымы, Көкпекті – Самар – Васильев өткелі жолының 10-30 шақырымы, Кеңгірбай би ауылына кіре беріс жолдың 0-3,3 шақырымы орташа жөнделді, қазір Жұлдыз ауылына кіреберіс жол жөнделуде. Сонымен бірге, Алтайка – Чапаев жолындағы Крестовка өзенінен өтетін көпір күрделі жөнделіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив