KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

Көкпекті ауданының шенеуніктері парамен ұсталды

28.10.2018, 04:48 287

ШҚО-ның Көкпекті ауданында екі шенеунік пара алып, ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Анықталғандай, мемлекеттік қызметкерлер жер теліміне құжат рәсімдеуді жеделдету үшін жергілікті тұрғыннан 150 мың теңге алған.


Нақтырақ айтсақ, параны Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы мен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы алып отыр.


Сот шешімі бойынша, айыпталушылар кінәлі деп табылып, оларға 4 миллион 500 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, қос шенеунік те енді өмір бойы мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан айырылды.


Үкім заңды күшіне енді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив