KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, З
441.41 477.78 4.84

ШҚО-да шенеунік кәсіпкерден 4 млн теңге пара алған

20.03.2019, 05:23 268

 

ШҚО-да ТҮКШ  басшысына пара алды деген айып тағылып, қамауға алынды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Белгілі болғандай, шенеунік кәсіпкерден 4 млн теңге мөлшерінде пара алған. Мұндай қомақты соманы ол кәсіпкерден Алтай қаласының көшелерін ағымдағы жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіп шығуы үшін сұратқан екен. Мемлекеттік сатып алудың құны 40,1 млн теңгені құрайды.

 

Айыпталушы шенеунік қазір Өскемен қаласындағы уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу амалдары жалғасын табуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив