KZ
Өскемен
+35°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
464.72 496.32 5.4

ШҚО-да 16 шенеунік жұмыстан босатылды, олардың қатарында Ұлан, Көкпекті аудандарының мамандары бар

18.05.2017, 18:00 103



Облыста «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудың қорытындысы шығарылғаны белгілі. Кешенді тексерулердің нәтижесінде 16 шенеунік жұмысынан шеттетілді.

-Ауылдық әкімдіктердің кейбір қызметшілерінің бағдарламалардың стратегиялық мәнін түсінбейтіндері белгілі болды. Қызметінен босатылғандардың қатарында Көкпекті, Ұлан ауданындағы ауылдық әкімдіктердің мамандары , облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бас маманы бар.

Бос лауазымды орындарға байқау жүріп жатыр. Мемлекеттік қызметке түсем деушілер өз күштерін сынап көрулеріне болады, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Жанна Қабдолдақызы.

Айна Ескенқызы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив