KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Өскеменде оптика салонын тонап, 850 теңге алып кетіпті

24.10.2018, 09:53 94

Өскемендегі оптика салондарының бірін тонауға келген ұрылар не бары 850 теңгені қанағат етуге мәжбүр болыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға бүгін түнде болған. Таңертең жұмысқа келген сатушы салонға ұрлыққа түскенін көрген. Ұрылар терезені бұзып кіріпті.  Жерде ақша салатын қорап бос жатыр екен.


-Кеше саудадан түскен ақша аз ғана болатын – не бары 850 теңге ғана, - дейді салонның иесі.


Оның айтуынша, қарақшылар ақша салынған қорапты мыжып, таптап тастаған. Аз ғана ақшаны көріп ашуланған көрінеді. Бір қызығы, тауарға тиіспеген. Соған қарағанда, көздегендері қолма-қол ақша болу керек.


Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив