KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, В
482.86 533.17 5.08

Семейде иен үйлерден ұсақ-түйек заттарды тонап келген ұры ұсталды

16.05.2018, 04:57 199

Ол иен қалған саяжайларға ұрлыққа түскен. Металл бұйымдарды қымқырған, азық-түлік пен ақша жымқырған.


Ауладағы көліктердің де ішін «тазалаған». Қалалық Әуезов полиция бөлімінің сақшылары оның үнемі ұсақ-түйек заттарды ғана үптеп кететіндігін айтады.


Әлбетте, сақшылар әуелде осыншама ұрлықты бір ғана адам істейді деп ойламапты. Себебі, тұрғындардан бірнеше арыз түскен болатын. Бірақ торуыл барысында қолға түскен күдікті, осының бәрін өзі істегенін айтып, мойнына алған екен.


Қазір 41 жасар күдікті уақытша қамау изоляторында отыр. Үстінен іс қозғалды. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сүйенсек, ол осы уақытқа дейін он рет ұрлыққа түсіпті. Жапа шегушілерге 200 мың теңге шығын келтірілгені айтылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив