KZ
Өскемен
+16°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өскеменнің Арбаты басқа көшеде ашылатын болды

23.10.2018, 11:43 202

Өскеменнің Арбаты басқа көшеде жасақталатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұрын Арбат Головков көшесінде жасақталады деп жоспарланған болатын. Бұл көше Максим Горький және Орджоникидзе көшелерінің аралығында жатқандығы белгілі.


Қала әкімі мен Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ архиектура және дизайн факультетінің студенттерінің кездесуінде Арбатқа Киров көшесі сай келетіндігі айтылды.


Айта кетейік, Головков көшесінің тұрғындары өз көшелерінде Арбат ашылатындығына қарсылықтарын да білдірген болатын.


Кафедраның доценті Татьяна Иноземцеваның сөзінше, Киров көшесінде негізінен тұрғын үйлер жоқ. Сондықтан да көліктер Кировпен параллель жатқан Головков көшесімен жүре алады. Арбатқа бұл көше әбден лайық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив