KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Өскемендегі автобустар жолда маневр жасау ережелерін жиі бұзады

23.10.2018, 04:00 190

Бұл жөнінде 18-20 қазан күндері аралығында өткен «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасының барысында белгілі болды. Үш күннің ішінде полицейлер тұрақты және тұрақсыз негізде жолаушылар мен жол жүктерін тасымалдайтын қоғамдық көліктердің қозғалысын мұқият бақылауға алған болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Осы уақыт аралығында құқытық тәртіпті қорғаушылар автобус тізгіндеушілер жасаған төрт жүзден аса заңбұзушылықтарды анықтаған.


Әкімшілік полиция құрылымының жол және техникалық инспекция қызметкерлері бірінші кезекте басты назарды көліктің техникалық жағдайына аударып, автобустардың міндетті техникалық байқаудан өткізілгендігін, жүргізушінің рейс алдындағы медициналық тексеруден өткендігін назарға алды.


Нәтижесінде жоғарыда аталған бұзушылыққа байланысты төрт жүргізушіге 590-шы баптың 8 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.


– Бұдан бөлек 51 жүргізушіге жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынса, тағы 69 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған. Көлікті жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескені үшін қоғамдық көліктің 64 тізгіндеушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.


Қуантарлығы, үш күннің ішінде қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив