KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 3 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Даниал Ахметов: Балаларды сабаққа жегіп қоймай, арасында ойынға мүмкіндік беру керек

19.10.2018, 09:09 94

Бородулиха ауданында жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Даниал Ахметов аудан орталығындағы Н.Островский атындағы орта мектепке оқушылардың сабағына қатысты, олардан сабақтың өту барысы қаншалықты тиімді екенін сұрап білді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл мектепте «Менің мектебім» жобасы аясында заманауи физика, роботты техника кабинеттері және IT-сынып ашылған. Алайда, оқушылар мен ұстаздар роботты техниканы үйрену үшін аптасына бір сағат аздық ететіндігін айтты.


– Егер балалар сабақ уақыты аз десе, оны көбейтудің жолдарын қарастыруымыз керек қой. Біз балаларды үнемі сабаққа жегіп қоймай, арасында демалтып, ойын ойнауын да мүмкіндік беру керек. Сол үшін IT-сыныпта интерактивті тақта орнатылған, мәселен, онда жетпістен астам қосымшалар бар, - деген облыс басшысы оқушылармен және ұстаздармен бірге қазақ және ағылшын тілі сабақтарының өту барысын да талқылады.


Ең бастысы, аймақ басшысы оқушыларды бірыңғай грамматикамен жалықтырып алмай, сабақты мейлінше тәжірибелік тұрғыда қызықты да тартымды етіп өткізуді ұсынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив