KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Күршімде 20 қазаннан бастап қоғамдық монша іске қосылады

17.10.2018, 04:53 214

Аудан орталығы тұрғындары үшін жағымды жаңалық - 20 қазаннан бастап қоғамдық монша қызметін бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кесте бойынша әйелдер күні сенбіге, ерлер күні жексенбіге бекітілген.Билет бағасы ересектер үшін 800 теңге, зейнеткерлер мен мүгедектерге – 600 теңге, 13 жасқа дейінгі балаларға 500 теңгеден.


- Көпқабатты үйлердің тұрғындарының барлығы дерлік қоғамдық моншаның іске қосылуын асыға күтеді десем артық айтқаным емес. Жеке үйлердегі туған-туыс, дос-жаранның моншасына түсу үшін отын-су тасығанша, орталық моншаға түсіп қайтқанымыз әлдеқайда тиімді. Барып-қайтқан таксиге төлеген ақшамызды қосқанда монша құны 1500 теңгеге дейін шығып кететініне қарамастан қоғамдық моншаның қадірін бір кісідей білетін жанбыз. Алдағы уақытта монша күндері көбейтіліп, тиісінше бағасы арзандатылса деген тілегіміз бар. Сатылған билет ақшасына қатаң есеп жүргізіліп, түскен пайдаға ішінде сусын, тазалық құрал-жабдықтары, бейнек сатылса деген ойым бар,-дейді Б.Момышұлы көшесіндегі екі қабатты үйдің тұрғыны Нұрбәтима апа.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив