Заң бойынша көлікке қашан қыстық дөңгелек салу керектігі айтылды
Ішкі істер министрлігі мәшине дөңгелегін ауыстыратын кез жеткендігін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме көрсетіп.
Республиканың біраз бөлігінде қар түсіп қалды. Көлігі барлар дөңгелегін ойлап қобалжулы.
Кеден одағы техникалық регламенті қыстық дөңгелектің қандай болуы керектігін хабарлайды. Олардың айтуынша, дөңгелектердің табанында бүр болмаса және оларда үш тау мен қардың суреті бар, сондай-ақ «М+S», «M&S», «M S» сынды таңбалар жоқ болса, онда бұл дөңгелектер қыстық болып саналмайды.
Оған қоса, табанында бүрі бар жаздық дөңгелектермен – қыста (желтоқсан, қаңтар, ақпан), ал бүрі жоқ қыстық дөңгелектермен жазда (маусым, шілде, тамыз) жүруге тыйым салынады.
Техникалық регламент жүргізушілерге төрт дөңгелектің де қыстық бүртабан болуы керектігін ескертеді.
Айтпақшы, көктем мен күзде қандай дөңгелек пайдалану керектігі айтылмады.
Сондықтан да қазіргі уақытта қандай дөңгелекпен жүрсеңіз де заң бұзған болып табылмайсыз. Ал желтоқсанның бірінен бастап жоғарыда айтылғандай ен-таңбасы түгел қыстық дөңгелекті салуға міндеттісіз.