KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

ШҚО-да медициналық анықтамалар қымбатқа сатылып келген

11.10.2018, 11:22 96

Аймақтың бірқатар аудандарында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтің талаптары сақталмай келген, деп хабарлайды Алтайньюс  тілшісі.


Мұндай қызметтердің қатарына алдын ала және міндетті медициналық тексеруден өту де кіреді.  Өрескел тәртіп бұзушылықты облыстық прокуратура анықтады.


Мысалы, 086 формасындағы анықтаманы беру кезінде стандартқа енгізілмеген дәрігерлердің (дерматолог, гинеколог, психиатр, нарколог) еңбекақылары шығындар қатарына қосылып отырған. Нәтижесінде негізсіз көтерілген бағамен 600 мыңдай адамға қызмет көрсетіліпті.


Облыстық психоневрологиялық диспансерде жүргізуші куәлігін алу кезінде өтетін медициналық тексерудің бағасына зертханашы, санитар, медбике мен кассирдың еңбекақысы қосылған. Сол себепті 083 формасындағы медициналық анықтаманың бағасы 1060 теңгеге қымбаттап кеткен.


-Облыстың 19 медициналық мекемесінің бас дәрігерлеріне заңдылықтың бұзылуын жою ұсынылды. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Ал медициналық анықтамалардың бағасы 30 пайызға төмендеді, - деп хабарлады прокуратурада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив