KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 5 м/с, С
473.95 513.38 5.5

ШҚО-да жыл басынан 440 млн теңгенің оңалту қызметі көрсетілді

фото: depositphotos.com

10.07.2024, 15:24 138 Айна Ескенқызы

Бүгінде медицина саласында оңалту қызметіне басымдық берілген. Науқастарды дер кезінде оңалту, оларды мүгедектіктен сақтап, қалыпты өмірге тезірек оралуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері облыстың күндізгі және тәулік бойғы стационарларында 1 779 оңалту емі көрсетіліп, оған 440 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалды,  деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– МӘМС жүйесін енгізудің арқасында 2020 жылмен салыстырғанда өңірдің денсаулық саласын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық өсті, яғни егер 2020 жылы 50 млрд. теңге бағытталса, 2024 жылы 94 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалды, – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде қымбат диагностикалық тексерулер мен жоғары технологиялы оталар қазір тұрғындар үшін әлдеқайда қолжетімді. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша  КТ қызметіне  74 млн теңге, МРТ қызметіне  шамамен 76 млн. теңге  жұмсалды.  630 млн теңгеге 544 кардиохирургиялық операция, 454 млн теңгеге 396 нейрохирургиялық ота жасалды.  ЛОР профилі бойынша 134 млн. теңгеге 827 операция, жарақат және травматология бейіні бойынша 640 млн. теңгеге 1 168 операция жасалды.

Қор мамандарының айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесі пациенттердің құқықтары мен мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Егер бұрын тек белгілі бір емханада тегін тексеруден өтуге болатын болса және кезекті  ұзақ уақыт күтуге тура келсе,  бүгін пациент тар маманның кеңесін алуға немесе диагностикалық тексеруден өту үшін жеке клиникаға да жүгіне алады, тіпті ол басқа қалада орналасса да.  Тек ол қордың тікелей жеткізушісі болуы керек.

Қор сарапшылары медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметіне үнемі мониторинг жасап отырады. 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қор филиалының сарапшылары  медициналық қызмет көрсетуде 68 375 мың ақауды анықтады, оның ішінде 142 жағдайда 6,3 млн. теңгенің нақты қызметі көрсетілмей, жалған тіркеу жүргізілген. Қызметінде ақау шыққан денсаулық сақтау ұйымдарына  510,4 млн.теңгенің айыппұлы салынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив