KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Ауылды жердегі ұстаздар электронды күнделікті пайдаланбайтын болды

9.10.2018, 09:27 111

Қазақстанда интернетпен қамтамасыз етілмеген мектептерге электронды күнделікті пайдалануға тиым салынуы мүмкін.


– Егер ауылды жердегі мұғалімдердерде интернет болмаса, олардың электронды күнделікті толтырамын деп жан-жаққа сабылып жүретіні анық. Сондықтан да оларға электронды күнделікті пайдалануға тиым саламыз, – деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.


Біраз уақыт бұрын Астана тұрғыны мұғалім анасының электронды күнделігін толтырып беріп жүргендігін жариялаған болатын әлеуметтік желіде. Оның жазуынша, анасының қызмет орнында бір ғана компьютер бар. Кезек көп. Оған қоса интернет баяу жұмыс істейді.


Сондай-ақ министр мектептерге пандус орнату керектігін айтты.


– Мектеп жағдайын жақсарту үшін көп жұмыс атқарылуда. Иә, біздегі мектептердің көбі ескі. Оған қоса олар әу баста талапқа сай жасалмаған. Университеттердің де жағдайы тап сондай. Лифтіге арналған орын жоқ, – деді Е.Сағадиев.


Оның айтуынша, кейбір мектептерде пандус мәселесі шешіліп те жатқан көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив