KZ
Өскемен
-5°
плотный туман Штиль
485.04 525.98 5.04

ШҚО-да ұрланған қояндар қашып кетті

8.10.2018, 06:24 132

Шемонаиха ауданының Ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық жасалғаны туралы айтып, арызданды. Оның сөзінше, үйінен екі қоянды ұрлап кетіпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ұры жеке меншік үйдің ауласынан сұр және ақ түсті екі қоянды ұрлаған. Тергеу амалдарын жүргізу барысында тәртіп сақшылары қоян жымқырған күдіктіні құрықтады.


-Ұрлық жасаған көрші ауылдың 18 жастағы тұрғыны болып шықты, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі. – Алайда ұрланған қояндар қайтарылмады.


Анықталғандай, қояндар торды сындырып, жаңа «қожайыннан» қашып кеткен екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив