Өскемендіктердің қара жұмыс істегісі келмейді
Өскеменде жол жөндеушілер жетпей жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жолдардың тез арада жөнделіп бітпеуіне осы жай кедергі болып тұрған көрінеді. Қазіргі таңда осыған байланысты Алматы өңірінен 110 жұмысшы келе жатыр. Олар жұмыс жүріп жатқан жерлерге бөлінетін болады.
Өскемендегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аталған мәселе қозғалды. Онда жергілікті халықтың қара жұмыс істегісі келмейтіндігі, барлығының жайлы жұмысқа орналасқысы келетіндігі айтылды.
Ал мердігерлер жол жөндеймін деушілерге бір күндік жұмыстың өтеуіне 7 мың теңге төлеуге дайын.
Оқи отырыңыз