«100 жаңа есім» жобасына іріктеу басталды
«100 жаңа есім» жобасының екінші маусымы басталмақ. Шығысқазақстандықтарға зор мүмкіндік туып тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жобаның екінші маусымына кез келген Қазақстан азаматының қатысуға мүмкіндігі бар. Кез келген адам өзінің жетістігі жайлы айтып бере алады. Бастысы мемлекеттің имиджін көтеруге жараса болды.
– Өзі жайлы ашып айтпай, үнсіз ғана алға ұмтылатын жандар болады. Олардың жетістіктері елімізге үлкен үлес қосып жатады. Бұл жоба міне сондай жандарды іздейді, – дейді Асқар Нұрғазиев, ШҚО-дағы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі.
«100 жаңа есім» жобасының ресми сайтында айтылғандай, жобаға қатысушы елдің имиджін көтере алуы керек, жастарға үлгі бола білуі керек.
Қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің өз тарапынан кәсіби білікті, биік белестерді бағындырған үміткер ұсынуға әбден мүмкіндігі бар.