KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өз болашағына сенімді кәсіпкердің ғана ісі қарқынды болады - Назым Сейітқазина 

5.10.2018, 09:15 67

Назым Сейітқазина, «Окуньки» демалыс базасының бас менеджері:


Биылғы Елбасының  Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауы ел дамуының жаңа сатысы. Кәсіпкерлікті дамытуға басым бағыт берілген биылғы Жолдауда әрбір іскер азамат үшін жаңа мүмкіндіктер бар деп ойлаймын. Біз туризм саласындағы кәсіпкерлер ретінде осы бағыттарды толық қолдаймыз.


Президент ең алдымен өңірлерді дамыту картасын дайындауды тапсырды. Бұл ретте әр облыс, аудан инфрақұрылымын жақсарту, жол сапасын арттыру, сумен қамтамасыз ету ішкі туризмнің дамуына жаңа серпін берері сөзсіз. Сондай-ақ, алдағы жылдан бастап бюджет саласындағы қызметкерлер жалақысының артуы да халықтың төлем қабілеттілігін көтереді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлік саласына да мультипликативті әсер етері анық. Сондай-ақ, Жолдауда айтылғандай, алдағы уақытта тексеруші органдар тарапынан кәсіпкерлерді жөнсіз тексеру де тыйылатын болады. Бұл меніңше өте маңызды қадам. Өз болашағына, ісіне сенімді әр кәсіпкер сонда ғана қарқынды қызметін атқара алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив