Күршімдіктер Семей қаласында емделіп жүр. Неге?
Шығыс Қазақстанда 90 білікті дәрігердің орны ойсырап тұр. Акушер-генеколог, отоларинголог, невропотолог сынды деген қажетті мамандар жетіспеуде.
– Бұрын мамандар төрт ай дайындық мерзімінен өткен соң жұмысқа келетін. Ал қазір олар үш жыл оқиды және олардың қайтып оралуы екіталай, – дейді Ілияс Мұхамеджан, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары. Мәселенің төркіні резидентурада жатса керек.
Дәрігерлердің жетіспеушілігі негізінен аудандарда анық байқалуда. Мәселен, Күршім ауданының тұрғындары облыс орталығына немесе Семейге қаралуға мәжбүр.
– Шығыс Қазақстан – Астана, Алматы сынды алып қалалардың «доноры» десек болады. Білікті мамандар сол жақтарға қарай ағылып жатыр, – деді І.Мұхамеджан.
Басқарма тарапынан медицина қызметкерлеріне арналған жобалар іске асырылып жатыр. Аудандағы мамандар шет елдерде біліктілігін арттыруға жөнелтіледі және елге қайта оралуға міндеттеледі олар.
– Бос қызмет орындарының жәрмеңкесін өткіземіз. Десе де, мәселенің бірден шешіле қоюы қиын, – деді І.Мұхамеджан.