KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Облыс басшылығы ардагерлерді құттықтады

4.10.2018, 10:47 264

Қарттар күніне орай облыс басшылығы өңірдегі ардагерлер кеңесінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында абыз ақсақалдарды аймақ басшысы Даниал Ахметовтың атынан арнайы құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Семейдегі «Қарағайлы» демалыс санаторийінде  ардагерлерді аймақ басшысы  Даниал Ахметовтың атынан, облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов құттықтады.


Қарттарымызға арналып жайылған мерекекелік дастарханға облыстағы ел өркендеуіне еңбек сіңірген ардагер-ақсақалдар қауымының барлығы қатысты. Қала әкімі Ермак Сәлімов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтқазы Шерубаевтар өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың арнайы құттықтауы оқылды:


-Құрметті ардагерлер, абыз ақсақалдар! Барлығыңызды қариялар күнімен құттықтаймын,бұл ұлағат пен шапағатқа толы мейрам, Тәуелсіздікке қол жеткізуіміз сіздер жеткізген ұлы еңбек жолының арқасы. Ұлы Абайша айтқанда «алдыңғы толқын аға буын ағалар» өздеріңізсіздер. Мерейлі мереке барлығыңызға қуаныш пен шаттық әкелсін. Туған ел, қасиетті Отанды қастерлеудің қайталанбас үлгісін көрсете білдіңіздер. Облыстағы ардагерлер кеңесі ең мықты, беделді орын. 230 мың ардагеріміз құрамына енетін осы облыстық кеңестің барлық аудандарында 1062 бастауыш ардагерлер ұйымы бар. Міне, бүгін өздеріңіз бас қосып отырған санаторий сіз сияқты ардагерлерімізге арналған. Келер жылдан бастап 3000-нан астам ардагерлер осы жерде демалып, денсаулықтарын жақсартатын болады.


Мерекелік жиналыста Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың Құрмет грамотасымен Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Түңлікбаев, Глубокий аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Любоь Романовалар марапатталды. Ал облыс әкімінің мақтау қағазы Риддер аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Клавдия Шушаковаға табыс етілді.

Бұдан кейін ардагерлеріміздің құрметіне Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның концерттік бағдарламасы ұсынылды. Салтанатты жиын соңында қалалық Мәдениет сарайының өнерпаздары туған жер, қазақ халқының салт-дәстүрі жайлы әндерді орындап, домбырадан ән мен күй төгілді. Осындай құрметке қартарымыз да бір жасап қалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив