KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 6,8 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Қазанның басында күн суытады

1.10.2018, 06:38 230

«Қазгидромет» РМК мамандары 2-4 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Синоптиктердің мәліметінше, өткен екі тәулікте күннің жылынуына әсер еткен антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжыды. Алдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық фронттар өтпек.


Соның әсерінен 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде кей жерлерде жаңбыр жауады. Фронттардың артынан республиканың батыс облыстарына қатқаққа себеп болатын кезекті антициклон жылжи бастады.


Кейінгі тәуліктерде антициклон шығысқа ауысады. Соның салдарынан Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы 5 градусқа дейін төмендейді.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив