KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 2 м/с, В
471.46 504.79 5.53

ШҚО-ның бас дәрігері жолдағы адамды ажалдан құтқарып қалды (фото)

28.09.2018, 08:56 59

Бүгін Семей-Өскемен тас жолының 56-шы шақырымында жол апаты орын алды. Жеңіл автокөліктің 23 жастағы жүргізушісі бұрылыста көлік тізгініне ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, бірнеше рет аударылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


[caption id="attachment_41474" align="alignleft" width="146"] Настя мен Роман[/caption]


Осы тұстан өтіп бара жатқан көлікте ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов пен оның орынбасары Ілияс Мұхамеджан болған екен. Облыстың бас дәрігерлері зардап шеккен жігітке алғашқы медициналық көмек көрсетті.


-Жүргізушіні көліктен алып шығып, мойнын, мойын буындары мен омыртқасын бекітіп, таңдық. Жансыздандыратын дәрі салып, жырылған жарасын емдедік, - дейді Ілияс Мұхамеджан. – Сол жерден тағы бір көлік өтіп бара жатқан. Бізді көріп, тоқтап, көмек көрсетті.


Бұл көлікте отырғандар да медицина мамандары болып шықты. Ерлі-зайыпты Анастасия мен Роман медициналық колледждің түлектері екен.


Айта кетсек, жол апатына түскен автомобиль жүргізушісі Семей қаласының тұрғыны екені анықталып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив