KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Қытайлық компания Зайсанға Қазақстанда жоқ жылыжай салады

28.09.2018, 05:59 147

Өскеменде өткен Altai Invest-2018 халықаралық  форумында облыс кәсіпкерлері шетелдік инвесторлармен  бетпе –бет жүздесіп, екі жақты серіктестік байланыстарды арттыруға үлкен мүмкіндік туды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қытайлық бизнесмендердің бірі Зайсан ауданында жылыжай салуды жоспарлай келген.


«Жылыжай» деген аты құлаққа қарапайым, үйреншікті болып естілгенімен қытайлық «Чин-Чин»  компаниясыны Зайсандағы «Аю» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативімен бірлесіп салғалы отырған 8-ші ұрпақты жылыжайы  біздің облыстың ауыл шаруашылығына үлкен бетбұрыс әкелетіндігімен ерекшеленеді.


Мұндай заманауи жылыжай Қазақстанда бұрын соңды болған емес. Елімізде  7-ші ұрпақты делінген жылыжайлардың өзі бірен-саран  ғана бар. Құны 73 млрд. теңге болатын нысан ауа райын, жауын-шашын, найзағайдың болуы ықтималдығына дейін алдын-ала бағдарлап, бақылау жүргізіп отырғандығымен қатар, көкөністерді табиғи жолмен өсіре алатындығымен қызығушылықты арттырып отыр.


Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаевтың айтуынша жылыжай 100 гектарға тұрғызылмақ. Жобада көрсетілгендей  жылыжаймен қоса осыншама алқапқа өсірілген көкөністерді сақтауға арналған сыйымдылығы 3000 тонналық қойма да салынады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив