KZ
Өскемен
+11°
дождь жел 4 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Күршімдегі құлағалы тұрған электр бағанына кім жауапты?

28.09.2018, 04:26 105

Күршім ауданы орталығы іргесіндегі Мульковое ауылының тұрғыны Жадыра Үркімбаева редакциямызға хабарласып, үйінің іргесінде жоғары вольтты электр желісі бағанының қисайып, құлаудың аз-ақ алдында тұрғандығын айтты. Жауын жауып, қатты жел соққан сайын қисайып, жерге қарай жақындаған баған Новая көшесі тұрғындарының зәресін былтырдан алуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Күн райы бұзылып, жауын-шашын, қара дауыл жиілейтін қазанайы да келіп қалды. Жылдан астам уақыт құзырлы органдар, атап айтқанда, «Шығысэнерготрейд» аудандық электр желілері торабы мекемесіне, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімдігінің есігін қағып, бірнеше мәрте шағымданып, электр бағанын қалыпты жағдайға келтіруді сұраған тұрғындардың тілегі ескерусіз қалуда. Ал , құлағалы тұрған бағанның сымдары қоршауларға таяп қалған.


«Қайғылы жағдай болмай тұрып, баған түзелсе» деген Мульковое ауылының тұрғындары, «кешқұрым көше шамдары толық жанса, ескі асфальт қалдығынан ойдым-ойдым болған жолдар жөнделсе» деген тілектерін қоса айтты. Ауыл ішінде жол бойында жылдамдықты шектеу сияқты бірде-бір белгінің болмауы да жұртшылық алаңдауына негіз. Сондай-ақ, шабақ өсірумен атағы ауданнан шалғайға шыққан елді мекен тұрғындарының ауыл көркін кетіріп тұрған иесіз үйлердің есептен шығарылып, сүрілуін жергілікті билік назарына алса деген базынасы тағы бар екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив