KZ
Өскемен
+12°
дождь жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

ШҚО драма театрында жаңа қойылым премьерасы өтеді

ШҚО драма және оперетта театры

Бүгін, 14:00 0 Назерке Каримова

Көрермен назарына ұсынылғалы отырған трагикомедия Чехов пен Толстойдың шығармаларын бір арнаға тоғыстырған.

Оны сахналау үшін Қазақстан мен Ресей театр фестивальдерінде үздік режиссерлік жұмысы үшін арнайы жүлдеге ие болған жас режиссер Әлібек Өмірбекұлы шақыртылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- 25-26 қазан күндері сағат 17.00-де ШҚО драма және оперетта театрының үлкен залында А.П. Чехов және Л.Н. Толстойдың шығармаларына негізделген "ЧЕХОВ. ТОЛСТОЙ. АБАЙ. ШИЕ. ВОЙНА И МИР" екі актілі трагикомедиясының премьерасы өтеді, - деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі. - Екі ұлы жазушы Антон Павлович Чехов пен Лев Николаевич Толстойдың шығармаларын бір арнаға біріктірген спектакль адамдардың қайғылы тағдырын, ертеңгі күнге деген жарқын үміттерін баяндайды.


Жас көрермен театрының актерлерінің қатысуымен "Шие бағы" пьесасы мен "Война и мир" роман-эпопеясы туралы өз көзқарасын шығысқазақстандық көрерменге шақырылған режиссер, ГИТИС түлегі Әлібек Өмірбекұлы ұсынады. Оның қоржынында Астана, Алматы, Шымкент және Петропавл театрларындағы резонанстық спектакльдер бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив