KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Күршімдегі құлағалы тұрған электр бағаны түзетілді

3.10.2018, 09:37 59

Күршім ауданы орталығы іргесіндегі Мульковое ауылының тұрғыны Жадыра Үркімбаева редакциямызға хабарласып, үйінің іргесінде жоғары вольтты электр желісі бағанының қисайып, құлаудың аз-ақ алдында тұрғандығын бұған дейін жазған болатынбыз.


Жауын жауып, қатты жел соққан сайын қисайып, жерге қарай жақындаған баған Новая көшесі тұрғындарының зәресін былтырдан бері алып келе жатқан.


Күршім ауданындық әкімдігіне қарасты жауапты бөлім 2 қазан күні ауладағы қисайған бағанды түзетіп қалпына келтіргені туралы хат жолдады.


- Бірнеше жылдан бері зәремізді алған электр бағанының жөнделуіне ықпал жасаған Алтайньюс сайтына ризашылығымызды білдіреміз,-дейді ауыл тұрғыны Жадыра Үркімбаева.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив