KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Экологтар Өскеменде жауған күлдің қайдан, қалай пайда болғанын анықтай алмады

10.10.2018, 05:49 157

Естеріңізде болса, екі апта бұрын «Өскемендегі Питер коммунарлары көшесіне аспаннан күл жауды. Оның қайдан, қалай келгенін түсіне алмаған тұрғындар абыржулы. Адам денсаулығына қандай да бір зияны бар ма деген үрей басым көпшілікте. Аспаннан қапалақтаған ақ қылауларды әуелде қар деп ойлапты олар», деп жазған болатынбыз.


Экология қызметкерлері сол сәтте күлді тексеруге алып кеткен болатын. Нәтижесі шығыпты.


– Біз күлді қатаң түрде, Май зауытынан шығатын күл қалдығымен салыстыра отырып тексердік. Нәтижесінде екеуі екі бөлек болып шықты. Бұл көшедегі күлге кәсіпорынның қатысы жоқ, – дейді Ерлан Тасбаев, облыстың бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.


Бас экологтың айтысынша, жауған күл адамға да, жануарға да зиянсыз. Ол қайта 6 сағатта жерге сіңіп, өсімдіктің сабағын тыңайтады екен. Бірақ табиғат қорғаушылары жауған күлдің қайдан, қалай пайда болғандығын анықтай алмапты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив