KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Таласбек тұрған үй мұражайға айналса...

27.09.2018, 06:42 167

Жерлесіміз, жазушы, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұлов Аягөз ауданының Ақтоғай стансасында дүниеге келгенімен, орта мектепті Айғыз ауылында бітірген.


Жерлестерінің айтуы бойынша, нағашы атасы Жүнісбай Стамбаевтың қолында тұрған дарынды азаматтың балалық шағы осы Айғызда ауылында өтіпті.


Ауылдың шетінде тұрған Жүнісбай ақсақалдың тоқал тамы қазір жоқ, сүрілген. Алайда, Таласбектің өз әке-шешесінің үйі, дәлірек айтқанда, қара шаңырағы ауыл ортасында тұр.


Біртуар, талантты ағамызды есте сақтау үшін Айғыз ауылындағы саман кірпіштен салынған үйді оның музейіне айналдырса, дейді аягөздіктер.


Республикалық баспасөзде «Атайы», «Кәрі ат», «Арылу» сияқты әңгімелері мен «Шымдан» повесі ,«Талтүс» романы жарық көрген, «Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана», «Тұмар падиша» сынды киносценарийлердің авторы, өзінің жан-жақты талантымен дүйім жұртты тамсандырған Таласбек Әсемқұлов қандай да құрметке лайық деп санайды олар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив