KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

ШҚО-да бюджетті миллиондап «жеп» жатқандар бар

27.09.2018, 06:36 168

ШҚО-да Экономикалық тергеу қызметі жыл басынан бері 94 құқық бұзушылықты анықтаған. Аталмыш фактілердің көпшілігі – бюджет қаржысын қымқыруға қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 


ШҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаменті экономикалық тергеу қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетті миллиондап «жеп» жатқандар бар. Тек «Жол картасы халықты жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша ғана 19 іс қозғалған. «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша – 4 іс, «Агробизнес-2020» және «Балапан» бағдарламалары бойынша – екі-екі істен, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша – 1 іс, денсаулықсақтау төңірегінде – 1 іс қозғалған.


Осылардың біріне мысал келітсек, «Досжан темір жолы» АҚ-ның бұрынға лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізілген тергеу жұмыстары. Аталмыш азаматтар Шар-Өскемен желісінің аумағындағы жол жұмыстарына  бөлінген 94 миллион теңгені тып-типыл еткен. Сот үкімімен азаматтардың 79,9 млн-дық мүлкі тәркіленді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив