KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

ШҚМУ-да мұнайшылар мен археолог мамандар дайындалуы мүмкін

27.09.2018, 06:17 101

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да алдағы уақытта бірқатар жаңа мамандықтар ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


– Ректораттың кезекті отырысында еліміз үшін аса қажет саналатын «Мұнай-газ ісі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұражай ісі және ескерткіштерді сақтау», «Археология және этнология» мамандықтарын ашу бойынша мәселе қаралды, – деп хабарлайды ШҚМУ-дың баспасөз қызметі.


Сондай-ақ, оқу орнына соңғы жылдары студенттердің көптеп түсуіне орай Психология, педагогика және мәдениет факультеті қайта құрылып, ішінен Өнер және мәдениет атты жаңа факультет ашылуы да ықтимал.


Атап өтерлік тағы бір жайт – университет С. Аманжоловтың 115 жылдық мерейтойына қызу дайындық үстінде. Осы шараға байланысты көптеген ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Мұнымен қоса, ЖОО мұражайы жаңа жәдігерлермен толықтырылып, мұражайдың виртуалды нұсқасы да жасалмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив