Қазақстанда техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі пайда болады
Келер жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің Ішкі істер министрлігі көлік құралын тіркеу куәлігінің жаңа үлгісін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жаңалық электронды үкімет порталында жарияланған Министрліктің жобасында көрсетілген.
Жаңа үлгі бойынша, көлік құралын тіркеу куәліктерінің көлемі өзгереді екен - 5,4 *8.6 см. Сондай-ақ, ол қорғайтын элементтермен (ультракүлгін, голографиялық) және интеграл микросұлбамен жабдықталатын көрінеді.
Ал техникалық төлқұжатты жаңасына ауыстыру міндеттелмейді. Жаңа үлгідегі куәлік жоспар бойынша көлік құралын тіркеу және қайта тіркеу кезінде ғана беріледі. Куәлікке төленетін мемлекеттік баж салығының мөлшері де өзгеріссіз қалады.