Ұландағы өртті сөндіруге 10 сағат уақыт кеткен
Өткен демалыс күндері Шығыста 6 жерде шөп өртенді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өрттің үлкені Ұлан ауданы Гагарин ауылында шыққан. 60 тонна шөп пен 5 квадратметр шаруашылық заттары жанып кеткен. Өртті сөндіруге 10 сағат уақыт кетіпті.
Тарбағатай ауданының Ахметбұлақ, Жаңалық сынды ауылдары, Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі, Үржар ауданы Мақаншы ауылы мен Семейге қарасты Знаменка ауылында да осындай жағдай болғандығын айтты төтенше жағдай қызметкерлері.
Төтенше жағдай қызметкерлері аса сақ болуға шақырады. Шөп үйден 50 метр қашықтықта үйілген жөн. Сондай-ақ шөп маңында электр жүйелері болмағаны абзал.
Оқи отырыңыз