KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, В
479.05 534.57 5.17

ШҚО әкімі бүгін жұмыс сапарымен Зырян ауданында жүр

21.09.2018, 03:25 208

Облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян қаласына жұмыс сапары барысында Серебрянка қаласындағы "Берік" ясли балабақшасында болып, былтыр ашылған нысанның жұмысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік негізде салынған 120 орындық балабақша 2017 жылдың қараша айында салтанатты жағдайда пайдалануға берілген болатын. Оған дейін екі қабатты ғимарат 5-6 жылдай қаңырап бос тұрыпты. Мекеме басшысы Венера Мусинаның айтуынша, қазір мұнда 24 маман жұмыс істеуде. Тәрбие беру қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп келеді. Балабақшада тіпті, ағылшын тілі маманы да бар екен. Бұған нысанның бөлмелерін аралап көрген облыс әкімі Даниал Ахметов те ризашылығын білдірді.


- Балаларға тілдерді ерте жастан үйрете бастағандарыңыз дұрыс болыпты. Бұл жұмысты жалғастыра беріңіздер, - деді аймақ басшысы.


Айта кетейік, бүгінде Серебрянка қаласында мектепке дейінгі жастағы 300-ге жуық бала бар екен. Шаһарда бұдан бөлек "Салтанат" деп аталатын мемлекеттік балабақша бар. Ал "Берік" балабақшасында тәрбие алып жатқан әрбір бүлдіршін үшін ай сайын мемлекеттен 28 мың теңге бөлініп отырады, дейді мамандар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив