KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Жоңғарды қырған Жәнделі қызға зайсандықтар ескерткіш орнатты

20.09.2018, 06:33 201

Тарихшы Ахмет Тоқтабайдың дерегіне сүйенсек 1867 жылдары қызылаяқтар (жоңғарлар) қазіргі"Жәнделі қыз сайы" аталып кеткен сай арқылы Зайсан көліне жетпекші болған. Сол кезде 18 жасар садақшы Жәнделі есімді батыр қыз қол жинап, дұшпанды осы шатқалдың екі жақ биігінен күтіп алады. Саны көп, қару-жарағы басым жоңғарларды құралайды көзге атқан мерген қыздың жасағы садақпен ғана емес, таудан кесек тастар домалатып та қынадай қырып, жусатқан.


Жан алып, жан беріскен ауыр шайқаста Жәнделі қыз  қаза болады. Халық Жәнделі батырдың сүйегін көш жолына жақын жерге жерлейді. Маңырақ тауынан басталып, Зайсан көліне дейін созылған сайды халық осы күнге дейін «Жәнделі сайы» немесе «Қызылаяқ қырғыны»деп атайды.


Осындай батыр қыздың құрметіне орай Зайсандағы Жәнделі сайында батыр қызға арналып ескерткіш мүсін ашылды.


[caption id="attachment_40853" align="aligncenter" width="667"] Жәнделі қыз ескерткіші[/caption]


Ескерткіш мүсіннің лентасын Қалибек Алтыбаев пен Тұқан Мырзаханов салтанатты түрде қиып, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Батыр қыздың ескерткіш мүсіні орнатылған жер талапқа сай тазартылып, көркейтіліп, көз тартардай дәрежеде абаттандырылған.


Бұлақ басында салынған өтпелі көпір, ескерткішке апаратын арнайы жол, сондай-ақ демалушылар үшін алты қанатты киіз үйге ұқсата жасалған шатырлы орын алыстан мен мұндалайды.


«ОблШығысЖол» мекемесінің техникалық директоры Айдар Мәмиевтің айтуынша, ескерткіш мүсінді орнатуға, оның айналасын тазалап талапқа сай болуы үшін 3,5 миллион теңге қаржы бөлінген. Мүсін цементтен жасалып, арнайы қоспалармен қапталған. Жұмыстардың сапалы әрі уақытында бітуі үшін отыздан астам адам аянбай еңбек еткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив