Өскемендіктер алаяқ турфирманың алдауына түскен
Өскеменде 60-тан астам адам белгілі бір туристік фирманың алдауына түсіпті. Жапа шеккендердің өздері бұл фирманың қызметіне бір емес, бірнеше рет жүгінгендігін айтады. Бірақ осы жолы беймәлім жағдайда күзгі демалыстары бүлінген екен олардың.
– Талай уақыттан бері жиған ақшамыз жоқ болды. Кейбіреулер отбасымен демалуы үшін жарты миллион қаражат жұмсады, – дейді алданғандардың бірі.
Жапа шегушілердің болжауынша, туристік фирма қаражатты бұрынғы тұтынушылардың демалысына жұмсаған. Ал өздеріне сәл күте тұру екен.
Айтпақшы, фирманың бұрынғы орынын қазір басқа біреулер жалдап отырған көрінеді.
– Өскемендіктерден шағым көптеп түсуде. Тергеу бөлімі қылмыстық іс қозғады. ҚР ҚК 190 бап, «алаяқтық» ісі бойынша, – дейді ішкі істер басқармасының хатшысы Әсел Әміренова.
Өзге агенттіктердің айтуынша, «алаяқ» деген фирма кейбір тұтынушыларын демалысқа жіберіпті. Іс біржақты қаралмасын дейді басқа агенттіктер.