KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Катонқарағайдан сібір жарасы шықты деген күдік бар

20.09.2018, 03:08 135

Катонқарағай аудандық ауруханасының инфекция бөліміне жатқызылған адамның бойында сібір жарасы ауруына тән белгілер бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға былай болған деседі. Кіші Нарын ауылының тұрғыны Ерболат С. екі ауылдасымен бірге бұзау сояды. Оның етінің біразын сатып, біразын туыстары мен ауылдастарына таратып жібереді. Арада апта өткенде Ерболат сырқаттанып, дәрігерге жүгінеді.


Облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің жетекшісі Ғазез Сүлейменовтің сөзінше, сырқаттың диагнозы әлі белгісіз. Нақты жауап лабораториялық тексеруден соң, яғни он күннен кейін айтылады.


– Сойылған мал етін пайдаланғандардың барлығы (35 адам) тексерістен өтті және бақылауға алынды. Дәрігерлер күн сайын адамдардың ыстығын тексеріп, антибиотиктер беруде. Үйлерге дезинфекция жасалды. Мал сойған орын да арнайы машинамен дезинфекцияланды. Малдың қалған еті қолданыстан шығарылды. Мамандар ол етті тексерумен айналысып жатыр, – дейді облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті жетекшісінің орынбасары Гүлайым Тағаева.


Айта кетейік, сібір жарасымен сырқаттануы мүмкін делінген науқас 19 қыркүйек күні авиация көмегімен дереу облыс орталығына жеткізіліп, емханаға жатқызылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив