KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

«Салам, New York» фильмінің режиссері көкпар туралы кино түсірді

19.09.2018, 03:42 146

Алматыда «Время стойких» толық метражды спорттық драма/экшнның премьерасы өтті. Фильмде түркі халықтарының ұлттық ат спорты ойыны - көкпардың шығу тарихы көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Фильмді түсіру үшін 1100 адам жұмыс істеген, оған бірнеше ай кеткен. Бұл жобаны «Салам, New York», «Анамды іздеп» фильмдерімен танылған қырғызстандық режиссер Руслан Акун таспалаған.


«Бұл Руслан Акунның USC School of Cinematic Arts магистратурасын тәмамдағаннан кейінгі осындай ауқымды көлемдегі алғашқы жұмысы. Бұл фильм шынында да өте мағыналы және әсерлі болып шықты. Онда тек Қазақстан мен Қырғызстанның ғана емес, сондай-ақ ТМД елдерінің қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелері қозғалған», - деп есептейді фильмнің продюсері Нұрбек Айбашев.


Кинокартина талантты көкпар ойыншысы, «Жалын» командасының капитаны Мақсат жайында болады. Маңызды бір кезекті ойындағы жеңілістен кейін, «Жалын» командасының иесі жарақат алған атпен алаңға шығудан бас тартқан Мақсатты командадан шығармақ болады. Өзінің ауылына оралғаннан кейін жас жігіт жаңа команда жинап, осы спорттың биік шыңына жетудің ауыр жолын бастайды.


Фильмінің басты рөлдерінде қазақстандық актер әрі каскадер Асылхан Төлепов және актриса Гүлназ Жоланова ойнайды. Сондай-ақ, басты рөлдердің бірін Қырғызстанның танымал актері, әйгілі шоумен Эмиль Эсеналиев сомдайды.


«Время стойких» фильмін түсіруге көкпарға қатысып жүрген Қырғызстанның үздік жылқылары іріктеліп алынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив