KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 6 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады

17.09.2018, 11:59 120


Energyprom.kz сарапшыларының айтуынша, Қазақстанда фармецевтикалық өнімдер 7%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жалпы 2018 жылы дәрі-дәрмек өндіру 7,7%-ға артқан – 15,03 тонна. Ал тамыз айында дәрі бағасы 0,5%, жыл көлемінде 7,3% қымбаттаған. Соның ішінде анальгетикалық дәрілер жылына 15,9% қымбаттапты. Екінші орында асқазанға арналған дәрілер – 15,1%.

Естеріңізде болса, өткен аптада денсаулықсақтау министрі Елжан Біртанов тегін берілетін дәрілердің сатылғаны жөнінде сөз қозғаған. Оның айтуынша, аталмыш фактор еліміздің барлық өңірінде кезігеді. Алдағы уақытта дәріханаларда баға бақылауын күшейтуге байланысты жоба жасалып жатқанын да атап өткен ведомство басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив