Өскеменде азық-түлік республикадағы орташа бағадан қымбат
Облыс орталығының басшылығы алдағы ақытта азық-түлік сатушылардың жұмысын бақылауға алмақшы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Енді кәсіпкерлерге ет, сүт өнідері, қант секілді басқа да әлеуметтік маңзды тауарлардың бағасын негізсіз көтеруге жол берілмейді.
Елімізде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары ретінде 19 атау енгізілген. Бұл тізілімді үкімет бекітеді.
Өскеменнің жаңа әкімі Жақсылық Омар «Дос-Нар», «Заречный» базарлары мен «Фрешмаркет» сауда үйін аралап қайтты. Нәтижесінде азық-түлік бағасының республикадағы орташа бағадан 10-20 пайызға жоғары екені анықталып отыр. Әсіресе, шаһар басшысының наразылығын «Фрешмаркет» сауда үйі туғызды. Себебі, бұл сауда орнында жергілікті өндірушілер өз өнімін қолжетімді бағамен сатуға тиіс болатын.
-Бізде неліктен айран, сүт, сары май, ет және нанның бағасы ең жоғары екенінтүсінбей отырмыз, -деді әкім. – Сондықтан жұмысын тобын құрамыз, олар апта сайын бағаларға мониторинг жасап, олардың көтерілмеуін қадағалайды.
Аталған жұмыс тобының құрамына қоғам, депутаттық корпустың және «Нұр Отан» партиясының өкілдері кіріп отыр. Қалаәкімінің айтуынша, баға көтергендер болса, оның себебі базар басшылары мен тауар жеткізушілерден сұралынатын болады.
Сондай-ақ, Жақсылық Омар базар қожайындарына сауда орындарының сыртқы келбеті мен санитарлық ахуалына қатысты да бірнеше ескерту айтты.