KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі №46 мектепте ІТ-сынып ашылды

24.08.2018, 07:25 163

Оның жұмысымен «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жеке танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жалпы облыста алдағы оқу жылында осындай 277 сынып ашылмақ. Онда оқушылар веб-дизайн, робототехника, мехатроника, бағдарламалау негіздері, 3D модельдеу бойынша білім алады.


–Партия бастамасымен елімізде осындай 1 мың сынып ашылады. Солардың алғашқылары міне Шығыста іске кірісіп отыр. Бұл қуантарлық жайт. Бұларда жылына 150 мың оқушы цифрлық білімдерін жетілдіреді, - деді Мәулен Әшімбаев.


Ұстаздармен сұхбаттасқан партия төрағасының бірінші орынбасары ІТ-сабақтардың пайдасы туралы айтты. Оның ойынша, бұл бағыттағы пәндер балалардың креативті ойлауын жетілдіреді. Компьютерлік техниканы меңгерген жастар қисынды ойлауға, терең пайымдауға икемді. Келешекте бүкіл әлем осы саланы дамытпақ, Қазақстан осы сыныптар арқылы саланы дамытып, көштен қалмау қамына кірісіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив