KZ
Өскемен
+18°
небольшой дождь жел 2 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Нұр Отан» партиясының хатшысы Семейдегі мектеп асханасының жұмысымен танысты

26.01.2019, 05:35 214


«Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев бұдан кейін қала әкім Ермак Сәлімовпен бірге қаладағы №49 орта мектептегі асхананың жұмысымен танысты. Асхана заманауи жабдықтармен қамтылған. Осыдан екі жыл бұрын іске қосылған жаңа плита қойылған. Тамақтар жылы күйде ұзақ сақталады. Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенконың айтуынша, алдағы уақытта әр мектептің асханасын жалға алатындар белгілі бір жылға мерзімде сапа бойынша жұмыс істеуі қажет. Сосын 5-7 жылға дейін созылуы мүмкін. Ал №49 мектептегі жаңа жабдық бюджет қаражатына алынған.


Ал жалгер «Таипов» ЖК өз қаражатына бактерия өлтіретін шам, көкеніс, картоп турағыш, су сақтайтын диспенсер алыпты.


«Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев асханадағы сорпаның дәмін татып көрді де былай деді:

-Оқушыларға берілетін ас мәзірі, дайындалуы көңілімнен шықты. Барлық жағдай жасалғандығы көрініп тұр. Ең бастысы балалардың денсаулығы. «Ас адамның арқауы» демекші, 1-11 сынып оқушыларын дұрыс тамақтандыруымыз аса қажет.


Семей қалалық білім басқармасының басшысы Наталия Фесенко былай деді:


- Балалар үшін тегін тамақ 303 теңгені құрауда. Мемлекет тарапынан тегін тамақтану үшін жағдайы төмен отбасынан шыққан 112 балаға жағдай жасалып отыр. Оларға міндетті түрде, сүт, бал, жемістер беріледі. Ол басқа да ата-аналар өз қалталарынан 220-250 теңгеге балаларына ыстық тамақ әпере алады. Бір самса пен шырын 100-150 теңге көлемінде. Жалгер аспазшы ас мәзірін жасап, оны мектеп басшылығы бекітеді. Барлық санитарлық талаптарға сай.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив