Өскеменде дүкендерден киім ұрлап әдеттенген әйел қолға түсті
Өскемендік 40 жасар әйел күнделікті өзі барып жүрген сауда орнына 180 мың теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ол бірінші күні ерлердің пальтосы мен шалбарын, келесі күні әйелдерге арналған тап сондай киімдерді жымқырып кеткен.
Заттарының қолды болғандығын дүкен иесі хабарлаған полиция қызметкерлеріне.
Іздестіру барысында күдікті белгілі болды және ол айыбын мойындаған. Айтпақшы, күдікті заттарды 28 тамыз күні алыпты. Ал дүкен қожайыны мұны кеш байқапты. Арада оншақты күн өткенде...
Дәл қазір ұрлық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталып кетті.
Оқи отырыңыз