Биыл Өскеменнің ең сұлу қызын халық өзі таңдап алатын болды
«Өскемен аруын» халық таңдайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Өскемен аруы – 2018» байқауының кастингі 9 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Ертіс концерт» мекемесінде өтеді.
Байқауға Өскеменмен қатар Риддер қаласының сұлулары да қатыса алады. Талап бойынша, қыздардың жасы 17-23 жас аралығында, ал бойы 168 см-ден кем болмауға тиіс. Үміткерлерден және бір сұралатыны – қолаң шаш, қара көйлек, биікөкше туфли мен жеке бас куәлігі екен.
Кастингтен іріктелген үміткерлер үш апта дайындықтан өтеді. Сахна шеберлігін үйренеді. Сондай-ақ олар қайырымдылық акциясына қатысады. Фотосессияларға түседі.
Финал 28 қыркүйекте болады. Қала халқы тегін тамашалай алады. Сонымен қоса, жеңімпазды таңдауға қатысады.