Қазақстан банктеріне 600 млрд теңге бөлінеді
Елбасы Н.Назарбаев Ұлттық банкке банктерге 600 млрд теңге көлемінде мерзімінен бұрын теңгелік өтімділік ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Ішкі нарықтың қанығуы біздің үкіметтің басты бағдары болуы тиіс. Сондықтан үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға 500 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Ұлттық банкке басшылыққа алынған жобаларды несиелендіру үшін банктерге 600 млрд теңге көлемінде мерзімінен бұрын теңгелік өтімділік ұсынуды тапсырамын, – деді Н.Әбішұлы.
Оқи отырыңыз